Бір тәулікте жүзден астам адамнан коронавирус анықталды
Бір тәулікте жүзден астам адамнан коронавирус анықталды
Фото: trinicum.com
Өткен тәулікте коронавирус 116 адамнан анықталды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Абай, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облысында коронавирус дерегі тіркелген жоқ. Оның ішінде: Астана қаласында – 17, Алматы қаласында – 12, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 12, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында – 1, Жетісу облысында – 3, Атырау облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 7, Батыс Қазақстан облысында – 9, Қарағанды облысында – 28, Ұлытау облысында – 3, Қостанай облысында – 7, Маңғыстау облысында – 5, Павлодар облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында 5 адамнан анықталды. Жалпы, пандемия басталғалы коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 392 734-ке жетті.