Атырауда өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр
Атырауда өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр
Фото: ria.ru
314
оқылды
Кеше 08:57 сағатта Атырау қаласы Кеңөзек ауылы Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында шамамен 60 га аумақта қамыс өртенді. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД хабарлады. Жердің батпақты және өрт сөндіру техникалары өте алмауына байланысты өртті сөндіре алмады. Елді мекендерге қауіп  төнген жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің (20 қызметкер мен 2 бірлік техника) және "Ақ Жайық" МТР (5 жұмысшы және 2 техника) күштері өртті бақылауда.    width= Өрт ошағына жету жолдарын іздестіру кезінде батпақты жерде батып қалған TREKOL автокөлігі толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. 21 қыркүйек күні 7:30 сағатта МИ-8 тікұшағы барлау жүргізіп, 20х20 көлемінде 2 ашық от ошағын және 100 м көлемінде бықсып жанып жатқан жерді анықтады. Қазіргі уақытта өртті әуеден сөндіріп жатыр. Елді мекенге қауіп жоқ.