Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Фото: akorda.kz
636
оқылды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті, –  деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Отырыс соңында Президент бірқатар тапсырма берді.