"Ресейден Қазақстанға келуге көмек беретін арнайы Telegram-чаттар ашылған": журналист ресейліктердің "ұлы көші" басталғанын айтты
"Ресейден Қазақстанға келуге көмек беретін арнайы Telegram-чаттар ашылған": журналист ресейліктердің "ұлы көші" басталғанын айтты
© adilettv.kz
435
оқылды
Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң елде жаппай дүрбелең басталды. Ресейліктердің көбі шетел асып кету үшін қолдағы барлық мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Желіде Ресейден Қазақстанға келуге көмек беретін арнайы Telegram-чаттар да ашылған.
Facebook парақшасында жазды.
“Telegram каналдағы "Казахстан - чат форум" деген топты көрсеңіз, бізге қарай ресейліктердің "ұлы көші" басталған ба дерсіз. Буынып-түйініп отырған орыстар “Қазақстанға қалай жетеміз, қаншаға жетеміз, тіл мәселесі қалай?” деген сұрақ қойып жатыр. Ал әлгі топтың админі деп көрсетілген Азамат Деловой мен Айша дегендер бізде бәрі жақсы, шекара ашық, жалдайтын пәтер тауып береміз деп жайылып төсек, иіліп жастық болып әлек. Арасында шекара жабық, босқа әуре болмаңдар дегендерді әлгі екі админ блоктап жатыр. Олардың "бизнесіне" кедергі келе ме екен осыдан? Бизнесі бар болсын, бізге дәл бүгінгідей алмағайып кезеңде қауіпсіздік мәселесі маңызды емес пе? Ертең есіктен кіріп, төр менікі деп басынбасына кім кепіл? Ақорда ма, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ме? Тегтеп кетуді өтінем. Онсыз да "Олар көбейіп барады..." деген сөз көп. Пы.Сы. Админі топты жабық етіп қоям деген соң біразын скриндеп алуға тырыстым. Бәрін скриндеу мүмкін емес, секунд сайын жазып жатыр өйткені. Біздікі байбалам салу емес, көргенімізді айту, сақтандыру”, – деп жазды ол.