Шымкентте 1-курс студенті жатақханада қайтыс болды
Шымкентте 1-курс студенті жатақханада қайтыс болды
Фото: arh-gavriil.bsu.edu.ru
852
оқылды
Шымкент қаласының Полиция департаменті 1-курс студентінің қайтыс болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Otyrar. Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні болды. Жедел жәрдем қызметкерлері мәйіттің жатақханада табылғаны туралы полицияға хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, 1-курс студенті екі студентпен ерегісіп қалған. Олардың бірі кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрғаны белгілі болды. Осыдан кейін жағдайы күрт нашарлаған. Жігіт жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Әл-Фараби АІІБ қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша тергеу жүріп жатырғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.