Күнбағыс алқабының ортасына қарасора еккен (видео)
Күнбағыс алқабының ортасына қарасора еккен (видео)
593
оқылды
Абай облысында ірі есірткі тобы ұсталды. 10 қыркүйек күні аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікпен бір топ жас жігіттер құрықталды. Полицейлер елді мекеннен 25 км қашықтықта шамамен 8,5 га болатын күнбағыс егілген алқапты тауып, есірткі сатушылардың оның ортасында қарасора бұталарын өсіргенін анықтады.
"Ұсталған 11 адамның 8-і еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындары болып шықты. Олардан 104 келіге жуық марихуана, 2000-нан астам қарасора бұталары, бұрын ұрланған деп жарияланған 2 атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді", - деп хабарлады аймақтағы полиция департаментінен.
 width=