Дүниежүзілік бокс қауымдастығынан (WBA) кейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) да қазақстандық Геннадий Головкинді орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғауға міндеттеуі мүмкін.
«Халықаралық бокс федерациясы GGG мен Эскива Фалькао арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру жұмыстарын бастауға уәде берді. Жаңалық күтеміз», – деп жазды бразилиялық журналист кіші Уилсон Бальдини твиттер желісінде. Еске сала кетсек, бұған дейін WBA кубалық Эрисланди Лараны Головкиннің орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткер ретінде жариялаған болатын. Лара – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион.