"Достыққа сызат түсіретін негізсіз айыптау": Мәжіліс депутаты Қазақстанға тіл тигізген Ресей депутатына жауап берді
"Достыққа сызат түсіретін негізсіз айыптау": Мәжіліс депутаты Қазақстанға тіл тигізген Ресей депутатына жауап берді
571
оқылды
Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан Қазақстанға тіл тигізген Ресейдің Мемлекеттік Дума депутатына жауап берді. 
Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 30 жыл қарсаңында  Мемлекенттік Думаның ТМД істері бойынша комитеті төрағасының орынбасары Константин Затулин Қазақстанға қоқан-лоқы көрсетіп, мәлімдеме жасады.
"Өкінішке қарай, осындай депутаттардың кесірінен таяу шетелдегі  Ресейдің достастық бейнесі озбырлық, тәкаппарлық және надандықпен ұштасады. Қазақтарға және өзге де ұлттарға қатысты өздері ойлап тапқан айыппен бұндай саясаткерлер Ресейдің өз мүддесі үшін кері ықпал етеді.
Затулиннің мәлімдемесін достыққа сызат түсіретін, негізсіз айыптау деп қабылдаймыз.
Ресейдің ішінара мобилизация жариялауынан кейін бірінші күні Қазақстанға 10 мыңға жуық ресейлік келді. Билік те, жергілікті халық та оларға кедергі келтіріп жатқан жоқ. Бұл елімізде орыстарды жек көрушіліктің жоқ екенін көрсетеді", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.