Талдықорғандық ит төбелестірушілер ұсталды
Талдықорғандық ит төбелестірушілер ұсталды
Талдықорғанда кезекті жануарлар жекпе-жегін ұйымдастырушы анықталды. Полицияға жануарларды қорғаушылардан арыз түсті. Мәлімдемеде ер адам иттерді төбелестіреді, тіпті әлеуметтік желілерде олардың бейнежазбаларын жүктейді деп көрсетілген. Мұны ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. Ақпарат бейнематериалдарды көргеннен кейін расталды. Құқық бұзушының жеке басы анықталды, ол Талдықорған қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қолданыстағы заңнамада көзделген айыппұл санкциялары салынды.