Қанат Ислам шаршы алаңға қашан шығады?
Қанат Ислам шаршы алаңға қашан шығады?
373
оқылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (28-1, 22 KO) шаршы алаңға қашан оралатыны нақты белгілі болды. Исламның бапкері Роджер Романың айтуынша, отандасымыз шаршы алаңға 8 қазанда оралады. Бұл Ислам үшін карьерасындағы бірінші жеңілісінен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болады. Еске салайық, ақпан айында ол Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында ұлыбританиялық Джимми Келлиден (26-2, 10 КО) төрешілер шығарған 95-95, 96-94, 97-93 есебімен жеңілген еді.