Үржардан көне қаланың орны табылды
Үржардан көне қаланың орны табылды
259
оқылды
Археологтар Абай облысының аумағындағы Үржар ауданынан шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларға жататын көне қала орнын тапты. Аумағы 10 мың шаршы метрді алатын тарихи орында ғимараттардың қабырғалары жақсы сақталған. Мамандар осыған дейін еліміздің шығыс өңірінде қала мәдениетіне қазба жұмыстары жүргізілмегенін айтады. Табылған шаһар айналасына терең ор қазылған. Сол себепті, археологтар мұны Үгедей ханның қорғаны болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
"Тарихта  Ертіс маңында 12 қала болғаны жайлы деректер бар. Анықталып отырған көне шаһар солардың алғашқысы болуы мүмкін. Ол Алакөлге жақын маңда орналасқандықтан, келешекте туристер тамашалайтын тарихи орынға  айналуы ғажап емес", – дейді археолог Ерден Оралбай.