Абай облысында жаңа көліктерге 18-өңірдің нөмірі беріледі
Абай облысында жаңа көліктерге 18-өңірдің нөмірі беріледі
Фото: Kolesa.kz
703
оқылды
Абай облысындағы мамандандырылған ХҚКО-ларда 18-өңірдің мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріле бастады. Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі мемлекеттік нөмірлерді беру 21 қыркүйекте басталғанын хабарлады. Абай облысының тұрғыны 18-өңірдің алғашқы нөмірін алып үлгерді. Бұған дейін ІІМ-де өңірлердің жаңа цифрлық белгілерін енгізу кезінде жаңа облыстардың тұрғындарына бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейтіні хабарланған болатын.