Шудағы атыстан бір адам көз жұмып, үшеуі жарақат алды
Шудағы атыстан бір адам көз жұмып, үшеуі жарақат алды
Шу ауданында 23, 25 және 26 жастағы (екеу) төрт азамат оқ-дәрі жарақатынан ауруханаға түсті. Олардың бірі  аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Хабар Шу аудандық полиция бөліміне 25 қыркүйекте сағат 00.18-де ауруханадан келді. Бұл мәліметті ІІМ таратты.
"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін Төле би ауылының 22 жастағы тұрғынын анықталды, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде", – деп жазды ведомство.
Қазіргі уақытта толық тексеру жұмыстары жүргізілуде және аудандық прокуратураның қадағалауымен қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларымен рұқсат етілген уақыт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жақын арада оқиғаға тікелей қатысқан жеткізілген адамдарға қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.