Қатыгездік. Итті жүк көлігімен сүйреп жүр (видео)
Қатыгездік. Итті жүк көлігімен сүйреп жүр (видео)
331
оқылды
Алматы облысындағы ауылдардың бірінің көшесінде жүк көлігіне байланған итті сүйреп өткен. Бұл Талғар ауданындағы Еркін ауылында болғанын айтады куәгерлер. Видео әлеуметтік желіде таралуда. Бейнежазба авторы не болып жатқанын артында келе жатқан көліктен түсіреді. Полицейлер құқық бұзушылықтың тіркелгенін атап өтті. Тексеру шаралары жалғасуда.
«Біз міндетті түрде құқық бұзушыны анықтап, шара қолданамыз», – деді полицейлер.