Алматыда өткен марафонда қаза тапқан – «Samruk Energy» директоры
Алматыда өткен марафонда қаза тапқан – «Samruk Energy» директоры
598
оқылды
«Самұрық-Қазына» қоры бүгін марафонда қаза тапқан марафоншы Samruk Energy және QazaqGaz тәуелсіз директоры Рүстем Садықов екенін растады.
«Рүстем Ғалымұлы табысты мансап жолынан өтті, жоғары білімді тамаша маман болды, халықаралық компанияларда тәжірибесі бар. Ол әріптестерінің есінде сенімді басшы және өз ісіне адал қызметкер ретінде мәңгі сақталады. Оны бәріміз қатты сағынамыз» делінген қор хабарламасында.
Садықов Алматы марафонының қатысушысы болды, ол 10 шақырымға жүгіріп, мәре сызығын бағындырғаннан кейін бірден құлады. Дәрігерлер оның өмірі үшін 30 минуттай күресті. Садықов небәрі 47 жаста еді.