Алматыдағы Ұлттық кітапханада халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің 30 және «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының 20 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтой аясында «Қазақ баспасөзі: бүгіні және ертеңі» атты конференция болды. Іс-шараны «Qazaqstan dauiri» ЖШС бас директоры Сәуле Мешітбайқызы кіріспе сөз сөйлеп ашты. Одан кейін «Президент және Халық» газетінің президенті Марат Тоқашбаев, қоғам қайраткері Дос Көшім, «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС директоры Досымбек Өтеғалиев, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай баяндама жасады. Бандамашылардың барлығы тақырып аясында бүгінгі баспасөздың хал-ахуалы жайлы өз ойларын ортаға салды. [caption id="attachment_219431" align="alignnone" > Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Одан кейін «Qazaqstan dauiri» газетінің кітапханасы сериясынан шыққан «Ұлт шырағы» мерейтойлық жинағы мен Сәуле Мешітбайқызының публистикалық мақалаларынан тұратын «Намыс қайрағы» атты кітаптарының тұсауы кесілді. Мерейтойға еліміздің әр өңірінен арнайы қонақтар келіп қатысты. Астана қаласынан келген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі министр Дархан Қыдырәлінің мерейтойға арналған құттықтау хатын табыстады. Сонымен қатар қос басылымның бірнеше қызметкеріне марапаттар табыстады. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Қайрат Бисембаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Артынан қос басылымның құрылтайшы басшысы Сәуле Мешітбайқызына партия атынан гүл шоғын табыс етті.
Алматы