Elge qaitaru: Қазақстанның активтерін қайтару қорының артында кім тұр?

Elge qaitaru: Қазақстанның активтерін қайтару қорының артында кім тұр?

Биылғы жылдың жазында Elge qaitaru атты жаңа қоғамдық қор пайда болды. Оның құрылтайшылары бизнесмен және саясаткер Болат Әбілов, сондай-ақ бұрынғы банкир Оразалы Ержанов. Олардың серіктестерінің ішінде қоғам қайраткері Сергей Дуванов, журналист Асылбек Абдулов және құқық қорғаушы Евгений Жовтис бар. Қордың миссиясы игі болып табылады – ол халыққа ұрланған дүниені қайтару. Алайда әлеуметтік әділдік үшін күресіп жүргендердің өздері кім? Олардың әрқайсысының қандай ісімен із қалдырғанын еске түсіріп көрейік. Заңсыз капиталды қайтару бастамасы жаңа емес және оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі дәл осындай ұранмен алаңда Әбілов және оның компаниясы пайда болғанға дейін аз қалғанда айтқан болатын. Мемлекет басшысы тіпті әлеуметтік комиссия құрды. Соның ашықтығы мен объективтілігінде күмән бар деген сылтаумен Elge qaitaru қоры құрылды деседі. Біз бұл істі олардан дұрысырақ атқарамыз дегендей. Бірақ бұл орайда сарапшылардың өз күмәншіл пікірі бар. «Активтерді қайтару – ондаған жылдарға созылатын күрделі процесс. Кейбір мемлекеттер сонау 80-жылдары бұғатталған активтерін қайтара алмай отыр. Ол үшін орасан зор ресурстар қажет. Менің пікірімше, қор өкілдерінің ресурстары ғана емес, қажетті дағдылары мен тәжірибелері де жоқ. Оған қоса, құрылтайшылардың екеуі де, бергі жағын айтқанда, активтерді қайтару мәселесінде айтарлықтай ерекшеленген жоқ, қайта керісінше болды», – деп Абилов пен Ержановтың бэкграундын есіне алған саясаттанушы Марат Шибутов өз пікірін білдірді. Болат Әбілов қай жағынан танымал? Дәл осы жерде ойланатын нәрсе көп. Болат Әбілов – кезінде сонымен бірге жекешелендірудің есебінен байыған беделді коммерсант болған. Қысқаша айтқанда, 90-жылдары ол «Бутя-Капитал» инвестициялық-жекешелендіру қорын ұйымдастырып, сол кезде қазақстандықтарға Үкімет таратқан жекешелендіру купондарының шамамен үштен бір бөлігін жинап алды. Оған 2 млн салымшы сенім білдірді, алайда адамдар одан ешқандай пайда тапқан жоқ. Әбілов ваучерлерді әртүрлі кәсіпорындардың акцияларына алмастырып алды да, кейін оларды акционерлерге айтпастан сатып жүрді, ал түскен ақшаны өзіне қалдырып отырды. Ол өзі бұны теріске шығарып отыр және қор тек шығынға ұшыраумен болды деген пікірін ұстануда. Ал «Бутя-Капитал» – бұл қазақстандықтарға аз да болса ақшасын қайтарған жалғыз ИЖҚ. 2005 жылы Әбіловке қатысты ірі қаржылық айла-шарғы жасады және $3,5 млн мөлшерінде салық төлемеді деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс әлі күнге дейін жабылмаған. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке бірде-бір рет тартылмаған. Бұл 2004 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта орын алды. Оның себептері әртүрлі болды – депутаттардың пара бергені туралы арыздардан бастап заңсыз митингілерді ұйымдастыруға және полицейді қорлауға дейін. Ол сонымен қатар партиядан партияға («Отан», «ДВК» ҚҰ, «Ақ жол» партиясы, «Нағыз Ақ Жол», «Азат») кіріп-шығу әдетімен белгілі. 2022 жылы ұзақ уақыт бойы тыныштықта отырғаннан кейін Bizdin Tandau атты жаңа партия құрылды деген мәлімдемесімен қайта оралды. «Әбіловтің мәлімдемесін оқып отырып, оның беделқұмарлық ниетінен шошып кеттім. Бұл тармақтардың барлығы фейсбуктан жұлып алынған. Олардың жүйелілігі де, ақылға сиярлық идеологиясы да, қазіргі жағдай туралы түсінік те жоқ. Саясаткерлер артынан халықты ертіп алға басудың орнына әлеуметтік желілердегі қоғамдық пікір мен комментарийлерге өздері ере бастаса, бұл жақсылықтың нышаны емес. Бұл құндылықтардың жоқтығын білдіреді, ал екінші жағынан, сенің қаншалықты ұшқалақ екеніңді көрсетеді. Интернетте арзан беделге құмарлар онсыз да жетіп жатыр, саяси партия – бұл әлдеқайда жоғары ой-өрісті талап ететін маңызды деңгей», – деп осы жағдайға орай Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым өз пікірімен бөлісті. Саяси қайраткер Болат Әбіловтің құрған активтерді қайтару қорының – бар болғаны PR-акция екеніне сенімді. «Меніңше, бұл ешқандай да жүйелі жұмыс емес, бұл нағыз пиар. Мейлі, жасай берсін. Алайда мен әзірге ешқандай, мысалы, қандай заңдарды өзгерту керек деген сияқты нақты мәлімдеме жасағандарын көрген жоқпын. Саяси мәлімдемелер деген бар, хайпқа жататын баспасөз-конференциялары деген бар. Бірақ егер біз шынымен де проблемамен күрескіміз келсе, мықты заңгерлерді, экономистерді, талдаушыларды, тергеуші-журналистерді жалдауымыз керек. Бұл жағдайда қор – бұл саяси құрал, сайлаушылардың есіктерін қағуға әрекет жасау десек болады», – деген пікіріне Айдос Сарым нық сенімді. Қоғамда әлеуметтік әділдікке сұрау жоғары – адамдар заңсыз жинаған және елден әкетілген дүниенің Қазақстанға қайтарылып, экономикамыз үшін жұмыс істегенін қалайды. Трендтік тақырыпты назарсыз қалдыруға қызығушылық тым жоғары. Саясаткер өзінің қорқынышын мына сөздермен білдірді: «Қордың құрылтайшылары бүгінгі таңда активтерді қайтару тақырыбына сұраныстың жоғары екенін түсініп отыр. Екінші жағынан, олардың осы іспен ұзақ уақыт және бар күшін салып айналысуға қарапайым шыдамдылығының жету-жетпеуі мәселе болып отыр. Болат Әбілов – өзі нағыз бұрынғы Қазақстанның өкілі, оның жаңа бір леп әкелуі екіталай. Менің білуімше, бұл адамның жүйелі ұйымдастыру жұмысына қабілеті жоқ. Өйткені ол ауыр жұмыс. Ол Болат Әбіловтің қолынан келе қоймас». Оразалы Ержанов деген кім? Оразалы Ержановтың өмірбаяны айтарлықтай әсер қалдырады. Әртүрлі жылдары ол ҚР Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары, қаржы вице-министрі, «Қазпоштаның» Басқарма Төрағасы, Халық Банкі Төрағасының орынбасары, KEGOC вице-президенті, «Наурыз банктің» Басқарма Төрағасы болып жұмыс істеді. Алайда 1900 жылдардың басында банк «күйреді». Кейінірек Ержановтың әріптесі, қаржыгер Григорий Марченко айтып бергендей, «Наурыз банктің» банкроттыққа ұшырауының басты себебі – Ержановтың басқаруындағы қателіктер болды. 2005 жылдың қазанынан бастап Оразалы Ержановқа іздеу жарияланып, 2010 жылдың наурызында Мәскеуде қолға түсті. Оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрған және 3,4 млрд теңгеге дейін ақша ұрлаған деген айып тағылды. 2011 жылы қудалауға ұшыраған банкир Ресейден экстрадицияланып, Алматыға қылмыстық істі тергеу орны бойынша жеткізілді. 2012 жылы ол бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып сотталды. «Ержанов банк қызметімен байланысты қылмыстары үшін сотталған. Мен ондай адамға активтерді қайтаруды сеніп тапсырмас едім. Негізі, жалпы қорды құру туралы ойдың өзі – бос сандырақ. Бұл менің даусым болмаса да, Ла Скалада ән айтамын деген ойыммен бірдей. Өздері активтердің ешқайсысын қайтармаған адамдар осындай өте күрделі процесті басқара аламыз деп отыр», – деп саясаттанушы Марат Шибутов абдырап таңғалуда. Оразалы Ержановқа байланысты сондай-ақ тағы бір есте қалған оқиға бар: 1999 жылы Қорғалжын қорығында аң аулап жүргенде көлік еткен тікұшағында өрт шығу себебінен денесінің 40% күйік шалған. Айтпақшы, оның жанында бұрынғы бас прокурор Асхат Дауылбаев пен көпшілікке танымал Талғат Ермегияев те болған екен. Соңғы азаматқа осыдан кейін көп ұзамай миллиардтаған теңге мөлшерінде ұрлық жасады деген айып тағылды. Қазіргі уақытта Ержановтың бұрынғы досы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуде. Ол бостандықта болғанда, кезінде жақын болған досы оны өз қатарына алар ма еді, сол қызық. Қалғандары туралы не білеміз? Elge qaitaru активтерді қайтару қорының барлық кейіпкерлері өз тарихтарымен танымал. Әрине, оның жанашырлары – Сергей Дуванов, Евгений Жовтис және Асылбек Абдулов – Әбілов пен Ержанов сияқты айла-шарғылармен бірде-бір рет көзге түспегенімен, есте қаларлықтай тұлғалар болып табылады. Мысалға, журналист, публицист және құқық қорғаушы Сергей Дувановты алайық. 2002 жылы ол кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Сот оны жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Құқық қорғаушы және заңгер Евгений Жовтис 2009 жылы қоныс колониясында өтейтін 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен сотталды. Ол абайсызда адам өліміне алып келген ЖКО-да кінәлі деп танылды. Осы топтағы барлық мүшелерінің ішінде отандық ТВ жұлдызы, журналист Асылбек Абдуловтың ғана өмірбаянына дақ түспеген секілді. 2021 жылы ол тіпті «Президент Тоқаевтың жаңа бағыты» фильмінің тұсауын кесті. https://youtu.be/1TOdTGhLxCQ Бұл фильмде ол қазіргі Мемлекет басшысын мадақтап, оның билік басындағы 2 жылдың ішіндегі жетістіктері туралы айтады. Ал өзі болса, Қасым-Жомарт Тоқаев құрған заңсыз шығарылған қаражаттар мен активтерді қайтару жөніндегі мемлекеттік комиссиясына сенбейтін топты басқарып отыр. Әрине, Қазақстанда ақиқат пен заңдылық үшін күресуге дайын қоғамдық ұйымдардың пайда болып жатқанында тұрған ешқандай жаман нәрсе жоқ. Бірақ сол ұйымдардың басшыларының өздерінің заңмен қатынастары қандай болды, мәселе сонда.