Ресейде мектептегі атыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Ресейде мектептегі атыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Фото: Ильяс Бекмансуров/ТАСС
592
оқылды
Ресейдегі Ижевскіде болған атыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Олардың арасында 7 бала бар. 21 адам жарақат алды, оның 14-і – бала. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды ТАСС агенттігі. «Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандар саны 13 адамға жетті. Олардың 6-ы – ересек адам болса, 7-і – бала. Тағы 14 бала мен жеті ересек адам жарақат алды», – деп нақтылады Тергеу комитеті. Бұған дейін аталған қайғылы оқиғадан 9 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Ресей ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, атыс ұйымдастырған ер адамның мәйіті табылды, ол өз-өзіне қол жұмсаған. «Полиция оқ атқан ер адамның мәйітін тапты. Қолда бар мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған», – деді ведомствоның баспасөз қызметі. Тергеу комитеті бұл ақпаратты растады. Ресейдің Ұдмұрт республикасындағы Ижевск мектебінде болған атыстан кейін 26-29 қыркүйек аралығы аза тұту күні болып жарияланды.