22 жылда жиналғаны – 10,8 триллион теңге
22 жылда жиналғаны – 10,8 триллион теңге
359
оқылды
Бүгінгі күні жинақтаушы зейнетақы жүйесінен 212 мың қазақстандық зей­нет­ақы алып отыр. Ал ор­таша төлем 21 мың теңгені құраған. Бұл туралы Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Біржан Нұрымбетов: «Бү­­гінгі таңда ынтымақты зей­нетақы жүйесі біртіндеп тоқ­та­тылып, 1998 жылдан бастап ­ен­гізілген жинақтаушы зей­нетақы жүйесі бірінші орынға шығып келеді. Алайда өкінішке қарай, жинақтаушы зейнетақы жүйесі бүгінгі жағдайда оны жедел же­тілдіруді талап етеді. Жинақтаушы зейнетақы жү­йесінен 212 мың адам зейнетақы алады, орташа төлем мөлшері ша­мамен 21 мың теңге», – деді алқа отырысында. Оның айтуынша, 22 жылда азаматтардың жинаған қаражаты 10,8 триллион теңге болған және бұл орташа есеппен алғанда әр салымшыға небәрі миллион теңгеден айналады екен. «Біріншіден, бұл жұмыс іс­тейтін азаматтар табысының тө­­мен деңгейі. Екіншіден, зей­нет­ақы төлемдерін салудағы тұрақ­сыз­дық, міндетті зейнетақы жар­на­лары бойынша берешек, жал­дамалы жұмысшы не еңбек шар­ты жоқ, зейнетақы актив­терінің кірісі тым төмен болуы­нан туын­дап отыр. Салым­шы­лар­дың зей­нета­қы жүйесіне деген сенім дең­гейін арттыру және Пре­зи­дент­тің тапсырмасы бойынша жұ­мыспен қамтуды нысандан­дыру үшін Үкімет Ұлт­тық банк­пен бірлесіп зейнетақы жүйесін жаңғырту, оның ішінде азамат­тар­дың зей­нетақы жинақ­тары­ның бір бөлігін мақсатты пай­да­ла­нуы бойынша ұсыныстар енгіз­ді, оларды тұтас­тай алғанда Мем­лекет басшысы мақұлдаған. Олар­ды жүзеге асы­ру шаралары 2020-2024 жыл­дарға арналған зейнетақы жү­йесін одан ары да­мыту бойынша әзірленіп жат­қан Жол картасына сәйкес жүзеге асырылады», – деп нақтылады министр.   Әділ БЕК