Доллар бағамы 1,46 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 1,46 теңгеге қымбаттады
219
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,46 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 478, 90 теңге. Ұлттық банктің 27 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 37 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 479 теңге, сатып алу – 483 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңгеден болса, сатып алу құны – 480 теңге. Ресей рублі 7,52 - 7,72 теңге аралығында саудаланып жатыр. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 27 қыркүйек күні ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,27 теңге. Айта кетсек, таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша, Қазақстан қор биржасында 1 рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 8,23 теңге болды.