Ақан Сатаев «Қазақфильм» басшылығынан өз еркімен кетті
Ақан Сатаев «Қазақфильм» басшылығынан өз еркімен кетті
413
оқылды
Белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен кетті. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында хабарлады.
«Қымбатты достар, осы жазбам арқылы талантты және табысты режиссер Ақан Сатаевқа «Қазақфильм» АҚ президенті ретінде қажырлы, ал ең бастысы жемісті еңбегі үшін үлкен алғыс айтқым келеді.
Бүгін Ақан Қарғамбайұлы аңызға айналған киностудияның басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Оның ары қарайғы шығармашылық жолы біздің кинематографымыздың дамуына үлес қосатын серпінді жобалармен толығатынына сенімдімін», – дейді Дәурен Абаев.