Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge – 2022 халықаралық технологиялық форумына қатысты. Қазақстанда цифрландыру саласын үздіксіз дамыту жалғасын табады. Әсіресе, қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер де мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар ғана көрсетпейді. Бізде жеке сектормен қалыпты өзара іс-әрекет жолға қойылған. Атап айтқанда, Каспий, Халық, BI Group және басқа да компаниялар мемлекеттік қызметтерге өздерінің платформалары арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің азаматтарымыздан жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін, оқу орнын бітіргені туралы дипломын, неке туралы куәлігін және тағы да 15 түрлі құжатты өзімен бірге алып жүруі және көрсетуі талап етілмейді. Бұл жұмыс сөзсіз жалғасады», – деді Президент. Бұған дейін Президент "2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау керек" деген болатын.