2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау керек – Тоқаев
2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау керек – Тоқаев
352
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge – 2022 халықаралық технологиялық форумына қатысты. Президент айқындаған Қазақстанның цифрлық трансформациясындағы 5 басымдық: Бірінші. Адамға бағдарланған қызметті дамыту. Екінші. IT-сала үшін қолайлы жағдай жасау. Үшінші. IT-инфрақұрылымды кең көлемде модернизациялау. Төртінші. Цифрлық экономиканы және Индустрия 4.0-ді дамыту. Бесінші. Адам капиталын нығайту. Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстан көптеген дамыған елден озып, БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарына кіреді. Қазақстан цифрландырудың дамыту векторын мазмұндық жағынан да, институционалдық тұрғысынан да нақты айқындағанын атап өткен жөн.
«Адам – біздің басты байлығымыз екені сөзсіз. Екі жыл бұрын әлемдік  ІТ нарыққа 30 миллион маман керек еді. Бүгінде бұл қажеттілік 100 миллионға жетті. Ал 2025 жылға қарай 200 миллионға дейін артады. Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш өсе береді. Сондықтан аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары болады. Біз бұл сын-қатерді жақсы түсінеміз. Сондықтан 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау міндетін қойдық», – деді Президент.