АҚШ елшілігі америкалықтарды Ресейден дереу кетуге шақырды
АҚШ елшілігі америкалықтарды Ресейден дереу кетуге шақырды
© dw.com
АҚШ елшілігі америкалықтарды Ресейге бармауға, елде жүргендерді тезірек кетуге шақырды, – делінген Мәскеудегі АҚШ елшілігінің хабарламасында
АҚШ елшілігі ақпанда осындай мәлімдемені Украинадағы соғыс басталған соң жасаған болатын. Бұған себеп ретінде Ресейде басталған мобилизация көрсетілген.
Хабарламада Ресей ресейлік-америкалық екі азаматтықты қабылдаудан бас тартып, осындай қос азаматтығы бар азаматтарды әскери қызметке шақыруы мүмкін екені айтылған.
"АҚШ азаматтары Ресейге бармауы тиіс, онда тұратындары мен саяхаттап жүргендері мүмкіндік болып тұрғанда дереу кетуі керек", – делінген елшіліктің сайтындағы хабарламада.