Ақтауда әйел адам биіктен құлап мерт болды
Ақтауда әйел адам биіктен құлап мерт болды
614
оқылды
Ақтауда әйел адам көпқабатты үйден құлап, мерт болды. Қайғылы жағдай 13 шағынаудандағы 40-үйде болды,  деп хабарлайды  Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полицияның мәліметінше, оқиға бүгін, 28 қыркүйекте болған. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі мен полиция келген.
«Сағат 13:21-де «102» нөміріндегі кезекшіге 13 шағынауданды адамның үйдің төбесінен құлағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Қазір тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады полициядан.