Әлихан Смайылов Вагит Алекперовпен мұнай-газ мәселесін талқылады
Әлихан Смайылов Вагит Алекперовпен мұнай-газ мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz
572
оқылды
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының энергетикалық саясат және энергия тиімділігі жөніндегі комитетінің төрағасы Вагит Алекперов мұнай-газ жобаларын іске асыру мәселесін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Тараптар геологиялық барлау жүргізу және мұнай кен орындарын игеру, сондай-ақ бұрғылау қондырғыларын жаңғырту, логистика және салық салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі бірлескен жұмысты жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа ықтимал бағыттарын айқындауға дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде Вагит Алекперов Қазақстан аумағында инвестицияларды одан әрі кеңейтуге және жаңа жобаларды әзірлеуге мүдделі екенін айтты.