Алматы және Жетісу облыстарының шекаралары жөнінде қаулы шықты
Алматы және Жетісу облыстарының шекаралары жөнінде қаулы шықты
© egemen.kz
1,900
оқылды
Алматы облысының шекарасын өзгерту және Жетісу облысының шекарасын белгілеу туралы ҚР Премьер-Министрінің қаулысы шықты, – деп хабарлайды primeminister.kz.
Қаулыға сәйкес, Алматы облысының шекарасы оның аумағынан Жетісу облысының 11 848,3 мың гектар жерін шығару жолымен өзгертіледі.
Сондай-ақ осы құжатпен Жетісу облысының шекарасы белгіленетін болады. Тиісті шараларды қабылдау екі облыстың әкімдіктеріне жүктелді. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.