Алматыда қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген ер адам ұсталды
Алматыда қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген ер адам ұсталды
357
оқылды
Алмалы ауданының полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні ұстады. А.есімді азамат қаланың қоғамдық көліктерінде ұрлық жасап жүрген.
"Ол №25 бағыттағы қоғамдық көлікте жолаушының қалтасынан ұялы телефонын суырып алған. Ұстау барысында күдіктіден ұрланған мобильді құрылғы тәркіленіп, айғақты зат ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.