30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: vsegda-pomnim.com
201
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның батысында жаңбыр, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығысында қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыста көктайғақ болады. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде күші 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде – 6- 8°С, күндіз +3+5°С болады. Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +15+17°С болады. Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С болады.