Мемлекетке қайтарылған жерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне пайдалану аса маңызды – Тоқаев
Мемлекетке қайтарылған жерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне пайдалану аса маңызды – Тоқаев
629
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы халықпен жүздесуінде жер мәселесін айтты. «Тағы бір өзекті мәселе – бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару. Мен бұл жұмысты бүкіл ел аумағында жүргізуді тапсырдым. Абай облысында қазірдің өзінде осындай 200 мың гектар жер анықталды. Соның 62 мың гектары қайтарылды. Қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне тиімді пайдалану аса маңызды. Жалпы, бұл жұмыс одан әрі жалғасады. Аймақтың жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілген жоқ. Сол себепті, облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет. Қазба байлықтар көптеп табылады деп ойлаймын. Тау-кен өнеркәсібін дамыту облыс экономикасын жандандырады. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.