Куәгерлер Төреғали Төреәлінің гидті қалай ұрып-соққанын айтып берді
Куәгерлер Төреғали Төреәлінің гидті қалай ұрып-соққанын айтып берді
6,170
оқылды
Бұған дейін танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің туристерді қыдыртып жүрген гидті соққыға жыққаны белгілі болды. Оқиға Алматы облысындағы Көлсай көлдерінде болған. Жағымсыз жәйтқа куә болған азаматтар оқиғаның қалай болғанын айтып берді, – деп хабарлайды Еуразия арнасы. Болған жағдайға таң болған туристердің видеосы әп-сәтте әлеуметтік желіні шарлап кеткен. Куәгерлер оқиғаның қалай басталғанын айтты. "Бірақ сен жұлдызсың, үнемі халықтың алдында жүресің және сен оған үйренуің керек қой. Алайда маған оның мінез-құлқы мүлдем түсініксіз болды. Әлбетте, мұндай оқиғаға тап болу жағымсыз естелік қалдырады. Және маған осындай атақты азаматтың өзін бұлай көрсетуі біртүрлі көрінді", – дейді Мәскеуден келген турист Михаил Бердичевский. Астанадан қыдырып келген азамат Раушан Қияқова әншінің мінез-құлқына таңданады. "Себебі ол теңселіп тұрмағандай көрінген секілді еді, бірақ өзін өте ашулы ұстады, машинадан түсті де оның аяғынан, денесінен теуіп, сосын бетінен ұрды", – деп жалғады Қияқова. Әлеуметтік желіде әншінің кеше Көлсай көлдерінде кезекті бейнебаянын түсіріп жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр.
"Мұндай әрекет адам туралы жақсы ой қалдырмайды, ал біздің отандық жұлдыздар үшін мүлдем ерсі қылық. Себебі ол жерде Америкадан келген қаншама турист болды. Және мынандай оқиғаның болуы мүлдем ақылға сыймайды", - деп қосты Раушан Қияқова.
Оқиға куәгерлері әншінің өзін-өзі ұстауы дұрыс болғанын айтады. "Өйткені мен бірнеше рет есірткіге масаң күйде болған адамдарды көрдім және көптеген поп-мәдениет өкілдері осы күйде жұмыс істеуді жақсы көретінін білемін. Барлығы демеймін, алайда көбісі солай", - дейді мәскеулік турист Михаил Бердичевский. Бұл оқиға Төреғали Төреәлінің қатысуымен болған алғашқы жағдай емес. Осыдан 5 жыл бұрын ол Павлодарда өтіп жатқан концертте егде кісіге дөрекі сөйлегені үшін сынға қалған. Ол кезде әртіс көпшіліктің алдында кешірім сұраған. Ал бұл оқиғаның қалай аяқталатыны әзірге белгісіз. Бүгін Алматы полициясы Төреғали Төреәліні қамауға алғанын хабарлады. Оның үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша із қозғалды.