Қазақстандық боксшы титулдық жекпе-жекте қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы титулдық жекпе-жекте қарсыласын нокаутпен жеңді
644
оқылды
Люблиндегі (Польша) бокс кешінде қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (14-1, 5 КО) мен оңтүстік африкалық Сифосету Мвула (16-4-1, 7 КО) арасында жекпе-жек өтті. Бекман бұл кеште ОАР боксшысы Сифосет Мвуламен жұдырықтасты, ал жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental титулы сарапқа салынды. Айқас 12 раундқа есептелген болатын, алайда 7-раундта Сойлыбаев нокаутпен жеңіске жетті. Айта кетейік, Мвула бұрын жеңіл салмақта IBF Continental Africa белбеуінің иегері болған.