Президент Владимир Зеленский өзінің Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің Ресейдің Украина аумақтарын аннексиялауына қарсы жауап ретіндегі ұсынысын мақұлдады.
«Ресей Федерациясының президенті В.Путинмен келіссөз жүргізу мүмкін емес», – делінген 30 қыркүйектегі №679 Жарлықта.Сондай-ақ аталған Жарлықта ҰҚҚК-нің Украинаның тез арада Солтүстік Атлантикалық Шарт ұйымына (НАТО) кіруге берген өтініші туралы шешімі де мақұлданды.