«2020 жылдары Ақмола облысында 18 сүт тауарлары фермалары ашылған. Сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2021 жылы тағы 19 сүт тауарлы фермалары іске қосылды. Оған 4 мыңнан астам ірі қара сатып алынды. 1 940 бас қара малы бар 7 ферма жұмыс істеп тұр. Бұл жерде ауылшаруашылық кәсіпорындарын субсидиялау және несиелеу бағдарламалары өз жемісін беруде», – дейді Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Қайрат Көшенов.Шортанды ауданында сонау 2014 жылы негізі қаланған сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеуге бағытталған Milk Product серіктестігі «Түрік айраны» брендімен танымал. Бүгінде кәсіпорын түрік айраны, қаймақ, ірімшік сияқты өнімдерді кең көлемде шығарып отыр. Кәсіпорын тек бір айда «Максим сүт зауыты» және басқа да фермерлік шаруа қожалықтарынан 17-20 тонна сүт сатып алады. Қайта өңделген сүттен салмағы 300 грамдық пластикалық ыдыста өнімінің 75 мыңнан 100 мың данаға дейін «Түрік айраны» өнімін шығарады. Өнімдер негізінен Астана, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Петропавл және Павлодар қаласында 200-ден астам қоғамдық тамақтану орындарында сатылуда.
«Кәсіпорын 2014 жылдан бері сүт өнімдерін қайта өңдеумен айналысып келеді. Өнімдер Астана, Қарағанды, Павлодар, Петропавл қалаларына жеткізіледі. 2018 жылы Бозайғыр ауылында сүт тауарлары фермасының жаңа жобасын іске қостық. Қазір мұнда симменталь тұқымды 121 бас пен шлейф тұқымды 108 бұзау бар. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп, екінші сиыр қорасын салуды жоспарлап отырмыз. Қазір жұмысшыларға арнап жатақхана салудамыз. Малға жемшөп әзірленуде. Шөп пен жемнің бағасы қымбатқа түсіп жатыр. Дегенмен өзіміздің жеке 480 гектар жеріміз бар. Биыл жерді өңдеп әзірлеп жатырмыз. Келер жылы өзіміз егіп өнім алмақпыз. Бұл жемшөп қиындығын артта қалдырады деген сенімдемін», – дейді сүт тауарлары фермасының басшысы Данияр Есетов.Серіктестік мемлекеттік қолдау шеңберінде аналық басқа, малды импорттауға сүт және басқа да техникаларды сатып алғаны үшін субсидия алады. Аграрлы несие корпорациясы арқылы бүгінге дейін ірі қара малды жеткізу және сауу құрылғысын сатып алу үшін қаражат алған. Берілген қаржының көмегімен сағатына бір тоннаға жуық жемшөп дайындайтын цех жабдықталған. Кәсіпорын одан әрі шаруашылық пен өнім көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.
Ақмола облысы