Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде өртенген, бүлінген көліктер айып тұрағында әлі күнге дейін қаз-қалпында тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Көліктер Қаңтар оқиғасы кезінде болған аласапыраннан кейін тәртіп орнаған соң айып тұрағына жеткізілген. Иесі келіп, көлігін алып кетсем деп сұрайды. Бірақ біз тергеу жүргізіліп жатқандықтан, көліктерді иесіне бере алмаймыз. Полиция, прокуратура шешім шығарса, содан кейін ғана иесіне қайтаруға болады», – дейді көлік тұрағының әкімшілігі.Tengrinews.kz айып тұрағында тұрған көліктер туралы видео жариялады. https://www.youtube.com/watch?v=L-CqS0LYQaA