Қаңтар оқиғасына қатысқан тағы 13 адамға үкім шықты
Қаңтар оқиғасына қатысқан тағы 13 адамға үкім шықты
825
оқылды
Өскемен қаласында Қаңтар оқиғасына қатысқан 13 адамға сот үкімі жария етілді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық сот Қаңтар оқиғасына қатысқан 13 адамға қатысты үкім шығарды. Іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу), 296-бабы 2-бөлігі (Есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша қаралды.
«Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, бес сотталушы үш жылға бас бостандығынан шектелді. Ал жеті айыпталушыға төрт жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Осыған дейін басқа да қылмыс жасаған 1 адам үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ» делінген ақпаратта.