Тоқаев Қарағандыда Балқаш, Бурылбайтал, Қарқаралы, Жезқазғанға қатынайтын күре жолдарды жөндеуді тапсырды
Тоқаев Қарағандыда Балқаш, Бурылбайтал, Қарқаралы, Жезқазғанға қатынайтын күре жолдарды жөндеуді тапсырды
Фото: БОРТ N1
468
оқылды
Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қарағанды облысында жергілікті жұртпен кездесті. Аймақтағы шешімін таппаған мәселенің бірі жол проблемасын айтты. «Қарағанды облысы еліміздің дәл ортасында орналасқан. Оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын ең басты күре жол осы өңірді басып өтеді. Аймақты дамытуға автокөлік жолдарының сапасы айрықша ықпал ететіні анық. Қазір Орталық – Оңтүстік көлік дәлізі салынып жатыр. Балқаш қаласы арқылы өтетін жолдың құрылысы өте баяу жүріп, мерзімі қайта-қайта кейінге қалуда. Үкіметке «Қарағанды – Балқаш» және «Балқаш – Бурылбайтал» тасжолын келесі жылы салып бітіруді тапсырамын. Сонымен бірге, «Қарағанды – Жезқазған» күре жолы да аса маңызды. Ұзындығы 500 шақырымнан асатын жол жөнделсе, орталық өңірлерге барыс-келіс жақсарады. Жүк тасымалы көбейеді. Бұл Ұлытау облысын дамытуға зор септігін тигізеді. Екі облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндігін арттырады. Осы жолды жөндеу жұмысына алдағы жылы дереу кірісу керек. Сондай-ақ, «Қарағанды – Қарқаралы» тасжолын жөндеуді тапсырамын. Қарқаралының туристік әлеуетін арттыру мақсатында бұл жұмысты алдағы екі жылдың ішінде аяқтау қажет», – деді.