Президент FlyArystan-нан жапа шеккен Нияз Сүндеталиевке ілтипат білдірді – видео

Президент FlyArystan-нан жапа шеккен Нияз Сүндеталиевке ілтипат білдірді – видео

Президент Қарағанды өңірінің белсенді азаматы, Қарағанды ​​облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нияз Сүндеталиевке ілтипат білдірді. Борт №1 Telegram арнасында видео жарияланды.   29 тамызда Қарағанды ​​облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нияз Сүндеталиевке FlyArystan компаниясының қызметкері мүмкіндігі шектеулі жолаушыға арбаны ұшаққа салуға рұқсат бермей қойған. Жүкті тіркеу кезінде әуе компаниясының қызметкері арбаны ұшақ бортына кіргізуге рұқсат бермеген. Қызметкер жолаушыға аппаратты өз бетінше қосып, басқару пульттерін ажыратуы керек екенін айтқан. Тексеруден соң компания қызметкері Нияз Сүндеталиевтен кешірім сұрады.