FlyArystan арбасын багажға өткізбей қойған жолаушыдан кешірім сұрады
FlyArystan арбасын багажға өткізбей қойған жолаушыдан кешірім сұрады
598
оқылды
FlyArystan авиакомпаниясының қызметкерлері мүгедектігі бар жолаушының арбасын багажға өткізбегені үшін кешірім сұрады. Бұл туралы жолаушы Нияз Сүндеталиев Facebook парақшасында жазды.
«Әуекомпания өз кінәсін толық мойындады және кешірім сұрады. Алматыдағы мүгедектер арбасы жақын арада Қарағандыға ұшақпен жеткізіледі. Мен ваучерден, әуекомпания маған ұсынатын барлық нәрседен бас тарттым. Мен үшін мүгедектігі бар адамдардың қиналмай ұшқаны маңызды. Олардың әуежайда, ұшақ бортында әрдайым көмек көрсетілетініне және кез келген жағдайда бір тәуліктен кейін емес, сол жерде шешім табылатынына сенімді болғаны маңызды. Барлығы тиісті қорытынды шығарып, кез келген жағдайда адам болып қалады деп сенемін!» – деп жазды ол.