Алаяқ "дуаны қайтарамын" деген сылтаумен зергерлік бұйымдарды иемденді
Алаяқ "дуаны қайтарамын" деген сылтаумен зергерлік бұйымдарды иемденді
© polisia.kz
329
оқылды
Ақтөбе облысында алаяқтықтың жаңа түрі анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе қаласы Астана ауданының № 2 полиция бөліміне 52 жастағы әйел Есет батыр көшесіндегі дүкенде белгісіз әйелдің дуаны алып тастау сылтауымен “Панасоник” маркалы теледидарды, алтын сақинасын, 180.5 теңге ақшасын алғаны туралы арызданған. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, күдікті алтын әшекейлердің жағымсыз энергиясы бар деген сылтаумен жәбірленушіден барлық зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Сонымен қатар, жәбірленуші пәтерінен плазмалық теледидар мен ақшасын алып кеткен. Жәбірленуші “бақсымен” қарым-қатынас кезінде оның психологиялық ықпалына түсіп, өз іс-әрекетін бақылай алмай қалатынын түсіндірді. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 35 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Оның тұратын жерінен теледидар тәркіленді. Күдікті алтын әшекейлерді ломбардқа тапсырып, ақшасын жұмсап үлгерген. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің осыған ұқсас алаяқтық жасауға қатыстылығы тексерілуде. Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарды осы сынды әрекеттердің алаяқтық  іс-қимыл екендігін ескертеді.