Президент Қасым-Жомарт Тоқаев QazTehna зауытына барды. Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында автобус және коммерциялық техника өндіретін QazTehna зауытының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президентке кәсіпорын жұмысының алғашқы нәтижелері туралы баяндады. Зауыт 2021 жылдан бері жолаушылар тасымалына арналған 347 автобус пен электробус құрастырып шығарған. Биыл жыл соңына дейін қоғамдық көлік желісін жаңарту бағдарламасы аясында өңірлерге 700-ден аса автобус пен электробус жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 208 автобус еліміздің 9 облысындағы білім беру ұйымдарына жіберілмек.