Мемлекетке қайтарылған жердің игілігін латифундистер емес, қарапайым халық көруі керек – Тоқаев
Мемлекетке қайтарылған жердің игілігін латифундистер емес, қарапайым халық көруі керек – Тоқаев
Фото: БОРТ N1
367
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында тұрғындармен жүздесті. Аймақтағы экология, таза су мәселесімен қатар жерді игеру проблемасын шешуді де тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Президенттің айтуынша, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді шаруаларға әділ жолмен бөліп беру керек. «Менің тапсырмаммен ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштан мониторинг жасалды. Республика бойынша игерілмей бос жатқан 20 миллионнан астам гектар жайылым жер анықталды. Оны мемлекет меншігіне қайтарумен айналысатын арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде 4,2 миллион гектардан астам алқап қайтарылды. Соның ішінде 1,1 миллион гектар жер Қарағанды облысына тиесілі. Әлемде 9 орын алатын ұлан-ғайыр жері бар Қазақстанда жайылым тапшылығы деген – еш қисынға келмейтін нәрсе. Осы кең байтақ жеріміздің игілігін латифундистер емес, қарапайым халық көруі керек. Сондықтан, ендігі мәселе – қайтарылған жерді жергілікті шаруаларға әділ бөліп беру қажет. Сонда ғана фермерлердің өз шаруашылығын адал жүргізуге сенімі артады», – деді.