Елордадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты - видео
Елордадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты - видео
© tengrinews.kz
789
оқылды
Астананың сол жағалауындағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады.
«Бүгін сағат 13:34-те Сығанақ көшесі, 20 мекенжайындағы үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенде 16-қабаттың сыртқы бөлігі өртеніп жатқаны анықталды. Сағат 14:08-де өрт толық сөндірілді», – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге 25 адам, 5 техника жұмылдырылған.