Ақтауда мысықтың басына секірген ер адам ұсталды
Ақтауда мысықтың басына секірген ер адам ұсталды
577
оқылды
Ақтауда мысықтың басына секірген 35 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен хабарлады. Полицейлердің мәліметінше, оқиға 4 қазан күні сағат 22:00 шамасында Ақтау қаласындағы 6-шы ауданда болған. Мас күйдегі 35 жастағы ер адам мысықты басына секірген.
"Ер адамға 120 айлық есептік көрсеткіште дейін (367 560 теңге) айыппұл салынуы мүмкін немесе дәл сол мөлшерде түзету жұмыстарына,120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін", – делінген хабарламада.
Ер адам өз әрекетін мойындаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.