Тек қана Тоқаев «Ескі Қазақстанды» қайтару жолындағы пәтшағарлардың жолына тосқауыл бола алады – Самат Нұртаза
Тек қана Тоқаев «Ескі Қазақстанды» қайтару жолындағы пәтшағарлардың жолына тосқауыл бола алады – Самат Нұртаза
Фото: yandex.kz
254
оқылды
Бүгін «AMANAT» партиясының съезі өтті. Блогер Самат Нұртаза партиялас тұлғалармен бір шаңырақтың астына жиналғанына қуанып, түйген ойын айтты. Бұл туралы Самат Нұртаза Facebook парақшасында жазды. – Қасым-Жомарт Тоқаев халықты әділдік идеясының астына біріктірді. Себебі біздің қоғам әділдікті сағынды, әділетсіз шешімдер мен зымиян жемқорлықтан шаршаған қоғамбыз. Осының барлығынан құтылудың бір ғана жолы бар,   ол –  Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына ұйысу! Қоғамның әртүрлі ұйымдары мен азаматтық топтардың жұмыла Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауы да – үлкен көрсеткіш. «AMANAT , «Халық» және «Ақ жол» партиялары да бірауыздан Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артуы, ол дегеніміз саяси элитаның ысылып, үлкен проблеманың алдында барлық жеке эмоцияларды ысырып қойып, ел үшін қызмет атқара білуін көрсетеді. Қоғам ақымақ емес. Қоғам ақылды. Қоғам тек қанаТоқаев  «Ескі Қазақстанды» қайтару жолындағы пәтшағарлардың жолына тосқауыл бола алады. Тек Тоқаев  таудай проблемаларға тосқауыл бола алады. «Жаңа Қазақстанды» аңсаған адамдар, өзгерісті қалайтын адамдар,  барлығы Тоқаевты қолдауы – заңды. Бытыраңқы оппозиция, бір-бірінің сфинктерін шұқылаған оппозицияны көріп отырып, қалай басы қосылмаған гу-гу еткен адамдарға дауыс береміз? Бір сүйекке таласқан шиқ-шиқ, кәңк-кәңк еткен демократсымақтарға Ұлы Даланы қалай тапсырасың? Құдай қазаққа зілдей саясаткерді беріп отырғанда, құдай қазаққа білімі тұңғиық тұлға беріп отырғанда, қалайша екінші затты ойлайсың? Өз басым Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймын және бүкіл туған-туыстар мен жолдас-жораларды тәртіп, тұрақтылық, тұтастықтың кепілі болатын Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге үгіттеймін. Бермей көрсін…