– «AMANAT» партиясы Президенттің халықтың әл-ауқатын көтеру, жұмыспен қамту, жастарға сапалы білім беру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және тағы басқа қоғамдағы өткір мәселелерді ескере отырып, әртүрлі өзгерістерге бастайтын іс-шаралар атқарды. Әрбір бастауыш ұйымдары, партия мүшелері әлеуметтік сауалнамаға негізделген талап-тілектерін жолдады. Бұл ұсыныстар партияның бүгінгі Саяси тұғырнамасында көрініс тапты. Саяси партиялар Мемлекет басшысының бүгінгі жүзеге асып жатқан және алдағы уақытта іске асатын әлеуметтік, экономикалық, саяси тұғырмасымен келісетін болса, онда бірнеше партия бірігіп, саяси коалиция құрып, ортақ үміткер ұсына аламыз. Бұл – әлемдік тәжірибе, жаңа саяси модельдің көрінісі.