– Алдағы өтетін Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын халық қолдайды деп ойлаймын. Өйткені Мемлекет басшысы бүгінгі дейінгі саяси-экономикалық реформалары, әлеуметтік бастамалары мен іс-әрекеттері арқылы елмен тығыз байланыста екенін дәлелдей алды. Қоғамдағы түйткілді мәселелер Президенттің барлық Жолдауында, саяси шешімінде, реформасында көрініс тауып келеді. Кез келген әлеуметтік проблема ел басшысының назарынан тыс қалған емес. Әр сала өкілдері – дәрігерлер, мұғалімдер, спортшылар, өнер майталмандары, саясаткерлер және тағы басқалары Президентімізді қолдап, оның саяси-экономикалық, әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру жолында бірігеді деп сенемін.