Президент сайлауы: «Ақ жол» партиясы жасырын дауыспен кандидат таңдады
Президент сайлауы: «Ақ жол» партиясы жасырын дауыспен кандидат таңдады
Фото: akzhol.kz
407
оқылды
«Ақ жол» демократиялық партиясы Президент сайлауына үміткер ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Партияның кезектен тыс ХІХ съезінде Президент сайлауына қатысуға журналист Сандуғаш Дүйсенова, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Асқар Садықов өтініш білдірген. «Қазақпараттың» жазуынша, партия мүшелері қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да кандидатурасын қолдауды ұсынған. Жасырын дауыс беру үшін 126 бюллетень қолданылды. Бірінші үміткер журналист Сандуғаш Дүйсенова 11 дауыс жинап, 6 пайызды иеленсе, депутат Серік Ерубаев 23 дауыспен 19 пайызға ие болды. Партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов 17 дауыспен 13,7 пайыз жинаса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын 74 адам – қатысушылардың 64,1 пайызы қолдаған. Бұған дейін Ермұхамет Ертісбаев ҚХП съезінде «Нақты көзқарасы бар саясаткер» президенттікке кандидат ұсынған болатын.