Елімізге белгілі актер, шоумен Дәурен Айдарқұлов ажырасқанына өкінетінін жеткізді. Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазды. – Бір емес, екі рет үйлендім. Екеуімен де ажырастым. Біреуінде үшеу, екіншісінде екі балам қалды. Шынын айтсам, арадағы қарым-қатынасты сақтап қалуға тырыстым. Одан ештеңе шықпады. Бұған кім кінәлі десеңіз, бәріне өзім кінәлімін, – дейді актер. Естеріңізде болса, актер екінші әйелі Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасып кеткен.