"Жылынып алу 70 мың теңге": Қазақстан-Ресей шекарасында таксишілер жаңа бизнес түрін тапты

шекара
© ulysmedia.kz

Путин мобилизация жариялаған соң Қазақстанға ағылған ресейліктер шекарадан өту үшін бірнеше күн тұруға мәжбүр. Ал ұзын-сонар кезек пен күннің суықтығын  жергілікті таксишілер жақсы пайдалануда,  – деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Шекарада кезек күткен ресейліктердің айтуынша, бақылау-өткізу бекетіне жету үшін бірнеше күн кетеді. Ал қарны ашып, суықтан қажыған адамдар таксишілердің кез келген талабына көнуге дайын.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындар тек рубльмен саудаласуда. Мәселен, жай ғана көліктің ішінде жылынып алу 9 мың рубль тұрады. Бұл теңгеге шаққанда 70 мыңды құрайды.

Телефонды қуаттап алу 1,5 мың рубль (11 мың теңге). Кезекті жылжытып, бақылау-өткізу бекетіне жақындату үшін тұрғындар 1 жарым миллион теңгеге дейін сұрайды (100-200 мың рубль).

“Алғашқы күндері 500 бен 800 метр аралығындағы орындарды 30-40-50 мың рубльге сатқан. Кезегің бақылау бекетінен неғұрлым алшақ болса, соғұрлым көп ақша сұрайды”, – дейді ресейліктердің бірі.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.